2003-жылы Қазақстан Республикасында шығарылған сот шешімдерінің басым бөлігі заңды әрі негізді деп танылды - ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы
2003-жылы Қазақстан Республикасында барлық деңгейдегі соттар шығарған шешімдердің басым бөлігін процесске қатысушылар да, республиканың қадағалаушы мекемелері де заңды әрі негізді деп таныды. Бұл туралы бүгін, 25-наурызда "Жергілікті соттардың ролін арттыру" тақырыбында Астанада өткен халықаралық конференцияда ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Мақсұт Нәрікбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
"Өткен жылы оқылған сот үкімдерінің 98 проценті бойынша сот отырысына қатысушылардан тікелей арыз-шағым келіп түскен жоқ, немесе шағым түскен күннің өзінде, жоғары сатылы соттар мен қадағалаушы мекемелер сот шешімін өзгеріссіз қалдырды",- деді М.Нәрікбаев.
Оның айтуынша, 2003-жыл ішінде республика көлеміндегі соттарға 1 млн.-нан астам қылмыстық істер мен арыз-шағымдар келіп түскен. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 27,8 процент артық. Конференцияға қатысушы Қазақстан сот жүйесінің қызметкерлері бұл өсімді әкімшілік істер санының артуымен байланыстырады. ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы сондай-ақ, өткен жылы "еліміз соттарының процессуалдық мерзімнен асыра қараған істер саны анағұрлым азайғанын" атап өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін