2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған - өрт сөндіру қызметі департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған - өрт сөндіру қызметі департаменті

2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған - өрт сөндіру қызметі департаменті

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіндегі Астананың 10-жылдығына байланысты мерекелік шаралар кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кеңейтілген отырыс барысында Астана қалалық өрт сөндіру қызметі департаментінің бастығы Берік Құтпанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Маусым 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың 5 айында Астанада 216 мәрте өрт болды. Одан келген материалдық шығын 6 млн 613 мың теңгені құраса, 6 адам құрбан болды», — деді Б. Құтпанов.

Оның айтуынша, өрт саны 2007 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 29,9 пайызға, шығын — 88,2 пайызға, құрбан болған адамдар саны 2,5 есе азайған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті