2009 жылы ТРАСЕКА инвестициялық қорын құру жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2009 жылы ТРАСЕКА инвестициялық қорын құру жоспарлануда

2009 жылы ТРАСЕКА инвестициялық қорын құру жоспарлануда

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылы ТРАСЕКА инвестициялық қорын құру жоспарлануда (Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі). Бұл туралы бүгін ЕКА тұрақты хатшылығының бас хатшысы Рүстан Дженалинов үкіметаралық ТРАСЕКА комиссиясының алтыншы отырысы арасында болған үзілісте журналистерге берген сұхбатында айтты .

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«ТРАСЕКА ҮАК жанынан іскерлік консультативтік кеңес құрылып, 2009 жылы ТРАСЕКА инвестициялық қоры құрылуы мүмкін. Қазіргі кезде кеңестік кеңес құру туралы шешім қабылданды, бұл инвестициялық қор құруға апаратын ауысу кезеңі деуге болады», — деді Р. Дженалинов.

«Алдағы жылдың ішінде біз іскерлік кеңес құжаттарын дайындап, қабылдау жөнінде шараларын жүргізіміз, ал инвестициялық қор құру мәселесі бойынша түпкілікті шешім 2009 жылдан бұрын қабылданбайды», — деп атап өтті ол.

Бас хатшының айтуынша, ТРАСЕКА жанынан іскерлік консультативтік кеңесін құрудың басты мақсаты — » мемлекеттік жеке серіктестігін дамыту болып отыр». «Қазір ТРАСЕКА қатысушылары концессия аясында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін, жеке секторды тартуда. Сондықтан, кеңестің басты мақсаты- дәлізді дамыту үшін, жеке бизнесті тартып, мемлекеттік құрылымдар мен бизнесмен-тасымалдаушыларды, кәсіпкер-экспедиторлардың басын біріктіріп, мәселені шешу», — деп түсіндірді Р. Дженалинов.

Журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, ол ТРАСЕКА инвестициялық қорын құруда, барлық қатысушы елдердің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру мүмкіндік беретін ортақ қаржы пулы жөнінде мәселе қарастырылады деді. «Бүгінде мемлекеттер инвестициялық трассалық қорын құруға дайын емес, сондықтан, инвестициялар Еурокомиссияның қатысуымен нақты жобалар бойынша 2008-2009 жылдар арасында құйылады», — деді Р. Дженалинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті