2012 жылы Атырау облысында ауыл шаруашылығын дамытуға Т10 млрд бөлінеді
2012 жылы Атырау облысының бюджетінен ауыл шаруашылығын дамытуға және аймақта азық-түлік белдеуін құруға Т10 млрд бөлінеді, деп мәлім етті облыс әкімі Бергей Рысқалиев. |
«Бірінші кезекте, бұл қаржы жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталады. Бірақ егер олар жаңа жобалар арқылы өз бизнестерін дамытпаса, басқа аймақтардан бизнесмендерді шақырамыз. Тілек білдірушілер жеткілікті», - деді Б. Рысқалиев әкімдіктегі жұмыс кеңесінде.
Әкімнің айтуынша, аграрлық секторда жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін облыстық бюджет қаржысының 80% шағын несиелік ұйымдар арқылы, ал 20% кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен қарастырылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін