сейсенбіде жария етілген Global Terrorism Index баяндамасына сілтеме жасай отырып.
Бұл баяндаманы жыл сайын Экономика және бейбітшілік инситутының мамандары жасайды, оның мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылы террористердің шабуылы салдарын 18 мыңдай адам қаза болған.
Террористердің жалпы шабуылдары 44% артқан. Мәселен, 2013 жылы 10 мыңдай теракті болыпты.
Әсіресе "Ислам мемлекеті", "Әль-Каида", "Боко Харам" және "Тәлібан" топтарының содырлары көп адамның көзін жойған.
Ең көп теракті 2013 жылы Иракта болған, 6 мыңнан аса, сосын Ауғанстан, Пәкстан, Нигерия және Сирияда. Жалпы терактіден қаза болғандардың 80% осы бес елде көз жұмған.