2016 жылы әлеуметтік салаға арналған шығыстар 2 трлн 998 млрд теңгені құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы әлеуметтік салаға арналған шығыстар 2 трлн 998 млрд теңгені құрайды

2016 жылы әлеуметтік салаға арналған шығыстар 2 трлн 998 млрд теңгені құрайды

2016 жылы әлеуметтік салаға арналған шығыстар 2 трлн 998 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы баяндаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

  • 3 Наурыз 2016
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шығындары шеңберіндегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар бекітілген жоспардан 124,5 млрд теңгеге ұлғайтыла отырып, 2 998 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте 5,8 млрд. теңге Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен ратификацияланған келісім шеңберінде электрондық денсаулық сақтауды бұдан әрі іске асыруға бөлінеді. 55,7 млрд теңге  дәрілік заттардың және медициналық мағынасы бар бұйымдардың бағасын толықтыру мақсатында медициналық көмек көрсету бойынша тарифті арттыруға қарастырылған. Осы қаражат есебінен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде шетел дәрілік заттарының бағасының көтерілуі салдарынан қалыптасқан тапшылық жабылады», деді министр.

Оның айтуынша, 63 млрд теңге Үкіметтің арнайы резервін қайта бөлу есебінен «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» өзектендірілген іс-шараларды іске асыруға көзделіп отыр. Бұл ретте қаражат инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге, микрокредиттер беруге, еңбек жастары үшін жатақхана салуға, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтауға және оқытуға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға көзделген.  «Жалпы алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде 13 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен шамамен 60 мың адамды қамту жоспарлануда», деді Б. Сұлтанов.