Жарияланды: 600

2016 жылы ЕурАзЭҚ-те көліктік заңнаманың негіздері жасалады

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕурАзЭҚ) мүше-мемлекеттер 2016 жылы көліктік заңнаманың негіздерін жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров.

«Орындау мерзімі 2011-2016 жылдар (ЕурАзЭҚ-тың көліктік заңнамасының негіздерін әзірлеу - ҚазТАГ). 2015 жылы әзірлеуді аяқтау керек. Тұжырымдамадан кейін шаралар жоспары жасалып, онда мерзімдер, орындаушылар, жауаптылар нақты белгіленеді», - деді ол жұма күні ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық комитетінің жанындағы көліктік саясат жөніндегі кеңесінің 20-шы отырысында. ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық комитетінің жанындағы көліктік саясат жөніндегі кеңесінің жауапты хатшысы Сергей Трубаровтың ақпаратына сәйкес, ЕурАзЭҚ-тің ортақ көліктік кеңістігін құру шараларында 2011-2015 жылдары ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердің көлік қызметін реттеу, ЕурАзЭҚ елдері мен үшінші мемлекеттер арасында жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыру бойынша нормативті-құқықтық құжаттарын үйлестіру қарастырылған. «Кеңес мүшелері 2011 жылдың 1 тамызына дейін ЕурАзЭҚ-тың көліктік заңнамасының негіздері тұжырымдамасының жобасы бойынша ұсыныстарды дайындап, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының хатшылығына жолдау үшін интеграциялық комитетінің хатшылығына жіберсін», - делінген отырысқа қатысушылар қабылдаған шешімде. ЕурАзЭҚ – тараптар Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру процесін тиімді ілгерілету және экономикалық, гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдетуге байланысты басқа да мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін құрған халықаралық экономикалық ұйым. ЕурАзЭҚ құру туралы келісімге 2000 жылы қазан айында Астанада қол қойылып, барлық мүше-елдер ратификациялағаннан кейін, 2001 жылдың 30 мамырында күшіне енді. Ұйым құрылған сәттен бастап ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 2006 жылдың 25 қаңтарында ұйымға Өзбекстанның қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. 2008 жылдың қазан айында Өзбекстан ЕурАзЭҚ органдарына қатысуын тоқтатты. 2002 жылдың 1 мамырынан юері Молдова мен Украина, 2003 жылдың қаңтарынан Армения ЕурАзЭҚ жанындағы бақылаушылар статусына ие.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін