2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін корпорация құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін корпорация құрылмақ

2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін корпорация құрылмақ

2016 жылы елімізде мемлекеттік қызмет көрсететін бірегей провайдер – мемлекеттік «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы құрылады.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 1720
Фото - Caravan.kz


Ол халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бірнеше мемлекеттік кәсіпорын негізінде ашылмақ. Инвестиция және даму министрлігі әзірлеген «Бірқатар заң актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына осындай норма енгізілген.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тиімділігін ескере отырып, біртұтас провайдерді қазіргі ХҚКО базасы негізінде, жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы мен мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығын біріктіру арқылы құру ұсынылып отыр», — деп мәжілістің сейсенбідегі жиынында Инвестиция және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов хабарлады.
Айтуынша, корпорация Канаданың тәжірибесі бойынша құрылмақ.
«Бастапқыда оған жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері саласындағы қызмет түрлері беріледі», — деді С.Сәрсенов.
Құжат республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді.
Жоспар бойынша, корпорация тегін және ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.
Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның пікірінше, біріктірілгелі отырған жоғарыдағы төрт мемлекеттік мекемеде оңтайландыру жүргізіледі.
«Қазір еліміз бойынша ХҚКО-да 10 мың адам жұмыс істейді. Қызметкерлер қысқартылады деп ойлаймын. Өйткені төрт РММ бір корпорацияға біріктіріледі. Сондықтан қосалқы жұмыс орындары қысқартылады. (…) Ұйымдастыру мәселелеріне кететін уақытты есепке алғанда, корпорация келер жылдың бірінші тоқсанынан бастап толыққанда жұмыс істей бастауы тиіс», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар