Бұл қаулы дүйсенбіде комиссияның отырысында қабылданды.
"Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша кезектен тыс президенттік сайлауға ТМД бақылаушылары миссиясы атынан 144 адамға, ШЫҰ атынан 5 адамға, шетелдік мемлекеттер атынан 4 адамға аккредитация берілсін”, деп оқып берді қаулының мәтінін ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Сонымен, 30-наурызға қарағанда ОСК 236 бақылаушыны аккредитациялады.
Сыртқы істер министрлігінде шетелдік БАҚ-ның 98 өкілі аккредитация алды.