28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер болжамы

28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер болжамы

 Алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жауын-шашын болады, термометр -28 градусқа дейін төмендейді.

  • 16 Наурыз 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында қалады, осыған байланысты ауа райы аязды, көбіне жауын-шашынсыз болады.

"Түнде термометр бағаны 20…28 градус аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады және ауа температурасы күндіз 0…+10 градусқа дейін, түнде 0…-10 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсуі мүмкін екенін ескертті.


Соңғы жаңалықтар