3 баласы бар қазақстандық әйел Ирактың қақтығыс аймағынан елге жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 баласы бар қазақстандық әйел Ирактың қақтығыс аймағынан елге жеткізілді

3 баласы бар қазақстандық әйел Ирактың қақтығыс аймағынан елге жеткізілді

3 баласы бар қазақстандық әйел Ирактың қақтығыс аймағынан елге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 208
Фото - Caravan.kz


"Ирактың қақтығыстар болып жатқан аймағынан шығарылған қазақстандық төрт азамат Отанға жеткізілді. Олардың ішінде 1985 жылғы әйел мен оның кәмелетке толмаған үш баласы бар. Тағы да үш бала мен олардың анасы — Ресей азаматшасы Грозныйға жеткізілді. Қазіргі уақытта олар сол жақта тұрып жатыр. Екі отбасы да — Ақтау қаласының тұрғындары", — деді Әнуар Жайнақов.

Министрдің айтуынша, қалған қазақстандықтар әлі уақытта дейін Иракка қалып отыр. "Иорданияғы Қазақстан елшілігі мен Ирак өкілері қалған адамдарды эвакуациялау мәселесін шешіп жатыр. Толығырақ кейінірек хабарлайтын боламыз", — деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. Осыған дейін Сыртқы істер министрлігіндегілер қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындықтың жүріп жатқанын хабарлаған болатын.