3 мың адамға – 1,4 млн теңгеден. Кәсіп бастауға грант үшін өтініш қабылдау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 мың адамға – 1,4 млн теңгеден. Кәсіп бастауға грант үшін өтініш қабылдау басталды

3 мың адамға – 1,4 млн теңгеден. Кәсіп бастауға грант үшін өтініш қабылдау басталды

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін business.enbek.kz порталында 15 мамырдан бастап грантқа өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастауға және дамытуға қайт

  • 15 Мамыр 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

"Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастауға және дамытуға қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Қандай құжат керек?

Өтінім беру үшін:

  •  порталда тіркелу;
  •  грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  •  бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

  •  өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады. Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.