3 қылмыскер уақытша ұстау оқшаулағышынан қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 қылмыскер уақытша ұстау оқшаулағышынан қашып кеткен

3 қылмыскер уақытша ұстау оқшаулағышынан қашып кеткен

РФ Новгород облысындағы уақытша ұстау оқшаулағышынан үш адам қашып кеткен.

  • 25 Шiлде 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІМБ хабарлағандай, қашқандардың бірі есірткінің заңсыз айналымына, қалған екеуі ұрлық пен алаяқтыққа қатысы бар деп қамауға алынған.  Хвойнинский ауданы бойынша Ресей ІІМБ жеке құрамы оларды іздеуге шықты.

Жедел іздестіру шаралары барысында 39 жастағы есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктелген адам ұсталды. Қазір қалғандары іздестірілуде.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылмақ.