Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ал, бұл аз болса, 28 медицина қызметкері індет инфекциясын жұқтырған.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін осылай деді.
Ал, біздің халық 42 500 теңгені алу үшін банк, қазпочта, әкімшілік жағалап, қаранөпір болып сабылып жүр.
Ау, "айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарған" әйдік карантиніміз қайда қалды? Бүйте берсе, вирус жұқтырғандармен қатынаста болған 13 467 адам ертең екі еселеніп кетпей ме?
Қара халықты кінәлауға хақымыз жоқ. Бір күндік наны үшін жанын беруге даяр.
Әлгі ашылған сайт қайда, "электронды үкімет" неге істемейді, телеграмм боттарың аяғына боти киіп су жағалап кетті ме? Неге жауапты адамдар үнсіз?
42 мың 500 теңге бір отбасының бір-бір жарым айлық тамағы. Сол бір айлық тамақ үшін мыңдаған халықтың тағдырын бәйгеге тігу кімге керек?
Кедейліктің құрдымына онсыз да батып барамыз! 42 мың 500 теңге сол кедейлерден біржола құтылу үшін тасталған қылтанағы бар күлше болмағай (логикаға салып жібердім, әдейі)
Интернет, егов, телеграммдардың істемей қалуы адамдарды ашындырып жатыр. Интернет кезген видеоларды көріп шошып отырмын!
Ай, біз адам болмаймыз!
Қанат Әбілқайыр