Жарияланды: 240

7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

7 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, тек атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік-батыста күн құбылмалы болады, күн күркіреп, жауын жаууы, жел күшейуі ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет». 

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында да жел күшейіп, СҚО-ның кейбір ауданында тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады. ШҚО-ның кей аумағында 1-3 градусқа дейін салқындауы мүмкін.

Ал, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз аптап ыстық болады.

Қызылорда, Қарағандының кей аумағында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін