70 мың теңге айлық алатын маңғыстаулық өрт сөндірушілер жалақыларын көтеруді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
70 мың теңге айлық алатын маңғыстаулық өрт сөндірушілер жалақыларын көтеруді талап етті

70 мың теңге айлық алатын маңғыстаулық өрт сөндірушілер жалақыларын көтеруді талап етті

"Ақ Берен" ЖШС Маңғыстау филиалының "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары республикалық орталық штабы" қызметкерлері Президентке видео үндеу түсіріп, жалақыларын тағы да көтеруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада Ақтау” порталына сілтеме жасап.

  • 17 Наурыз 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Өрт сөндірушілер бұндай өтінішті бір ай бұрын да жасаған. Қазақстанда 2022 жылғы ең төменгі жалақы 60 мың теңге болса, өрт сөндірушілердің бүгінгі жалақысы 65-70 мың теңгені құрайды. Қызметкерлер жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті.

Бұдан кейін жұмыс берушілер өрт сөндірушілердің талаптарын түсінетіндіктерін айтып, өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етілген "ҚазТрансОйл" компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқандарына сендірді.