70 жастағы кейуана жүкті болып қалғанын айтып жұртты таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
70 жастағы кейуана жүкті болып қалғанын айтып жұртты таңғалдырды

70 жастағы кейуана жүкті болып қалғанын айтып жұртты таңғалдырды

Бұл Мария де ла Луздың сегізінші баласы екен.

  • 22 Мамыр 2018
  • 4473
Фото - Caravan.kz

Мексика тұрғыны Мария де ла Луз қазір жүктілігінің 6-ншы айында жүргенін мәлімдеді. 70 жастағы кейуана УДЗ суреттерін де көрсетті. Алайда ол жаңа рекорд орнату үшін, жүктілігін ресми түрде тіркеуі тиіс. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Маған сәбиімнің қыз екенін айтты. Суреттен оның кішкентай ғана беті көрініп тұр», – дейді Мария де ла Луз.

Десе де кейуана жүктілігіне қатысты көп мәлімет бермеді. Оның жасанды ұрықтандыру процедурасына жүгінгені де белгісіз. Кейуананың сөзінше, ол жүкті екенін 3 ай бұрын сезген. Бұл 70 жастағы әйел үшін күтпеген жаңалық болыпты.

«Аяғым ауырып, басым айналып, жүрегім айнитын. Жекеменшік және мемлекеттік клиникалардың дәрігерлері шамамен 10 УДЗ жасады. Олар менің жүкті екеніме сене алмады», – дейді Мария де ла Луз.

Бұл Мария де ла Луздың сегізінші баласы екен. Алайда оның ересек балалары анасының жүкті екенін естіп, қуанбаған. Себебі босану процесінің ауыр өтетінінен қауіптенеді. Ал гинекологтар кейуананың жасына байланысты кесір тілігін жасау керек екенін айтып отыр.

Егер Мария де ла Луз сәбиін аман-есен дүниеге әкелсе, бұған дейін рекорд орнатқан ең қарт ана Мария Дель Кармен Боусада де Ларадан асып түседі. 2016 жылы 66 жастағы әйел егіз ұлдардың анасы атанған еді.


Оқи отырыңыз:

«Екі ұлым келіндердің айтқанынан шыға алмады»: Қайыршы ата қалай жалғыз қалғанын айтып күрсінді

2017 жылы Қазақстанда ұл балалар көп туды – статистика 

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды
 

 

Соңғы жаңалықтар