8 жасар қазақ баласы Нью-Йоркте өткен турнирде жеңімпаз атанды
![]() |
Қазақтың қаршадай баласы теннистен Нью-Йоркте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. 8 жасар Жақас Қозыбақтың ойнау мәнерін мамандар белгілі теннисшілерге ұқсатып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар» арнасы. |
Бір кездері дәл осы кортта белгілі теннисші Энди Роддик үлкен спорттағы жолын бастаған еді. Ал қазір бұл жерде жыл сайын жас теннисшілер арасындағы «Little Mo» турнирі өтеді.
Соңғы өткен сайыста 8 жасар қызылордалық спортшы Жақас Қозыбақ ерекше көзге түсті. Осыған дейін АҚШ-тың Флорида штатында өткен додада топ жарған қазақтың қаршадай баласы Нью-Йоркте де ешкімге есе жібермеді.
-Теннистен асатын спорт түрі жоқ деп ойлаймын. Мен қарсыластарымның барлығын 6-0 есебімен жеңемін. Есейген соң «Үлкен дулыға» турнирлерін ұтып алғым келеді. Мен теннисті ата-анамды, Қазақстанды және әлемді қуанту үшін ойнаймын, - дейді теннистен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Жақас Қозыбақ.
Қазақ баласы көзге түскен жарыс үлкен теннистегі ірі турнир «US Open»-мен қатар өтті. Ұйымдастырушылар мұны жақсылыққа балап, жастардың болашағына үлкен үміт артты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін