Ә. Ысмайыловтың «Әлем көшпенді бояуында» сурет-альбомы жарыққа шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә. Ысмайыловтың «Әлем көшпенді бояуында» сурет-альбомы жарыққа шығады

Ә. Ысмайыловтың «Әлем көшпенді бояуында» сурет-альбомы жарыққа шығады

Қазақстанның халық суретшісі Ә.Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әлем көшпенді бояуында» сурет-альбомы жарыққа шығады. Бұл туралы бүгiн ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң төрағасы Болат Кальянбеков мәлiм еттi.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 867
Фото - Caravan.kz

"Ертең, Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi үш тiлде (қазақ, орыс, ағылшын) «Әлем көшпенді бояуында» атты сурет-альбомын жариялайтын болады. Сонымен қатар министрлiк суретшiнiң туған-туыстарының естелiктерi негiзiнде деректi фильм түсiрудi қолға алуда. Оған ресейлiк мамандар да тартылатын болады. Аталмыш фильмдi бiз биылғы жылдың соңында көрiп қалуымыз ықтимал. 30 минуттық картинада Ә. Ысмайыловтың тағдыры және оның шығармашылық жолы әрiптестерiнiң, мәдениет саласындағы сарапшылардың көзқарасымен берiлетiн болады", — дейдi Болат Кальянбеков.

Әубәкір Ысмайылов ҚР мәдениет қайраткері әр жылдары Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Халық суретшісі атағын иеленген. Оның бай мұрасы бүгінгі таңда қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорынан лайықты орнын алып отыр. Хас шебердің кескіндемелік және графикалық туындылары өзінің орындалу шеберлігімен, тақырыбы мен сюжетінің шексіз алуандығымен, бояуының байлығымен және образдарының философиялық көтеріңкілігімен таңғалдырады.

Ертең Астанада Тәуелсiздiк сарайында Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Әлем көшпенді бояуында» атты көрме ашылмақ. "ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қолдауымен бiз Тәуелсiздiк сарайында қазақстың танымал суретшiсi, күйшi, бишi, актер, халық фольклорының жинаушысы Әубәкiр Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына орай бiрқатар мәдени шараларды қолға алмақпыз. Көрмеде көрермен назарына қылқалам шеберінің 1930-1990 жылдары дүниеге әкелген 100-ге жуық кескіндемелік және графикалық туындылары ұсынылады", — дедi ол.


Ә. Ысмайылов көпқырлы адам болды. Ол бiзге тек суретшi ретiнде ғана емес, сонымен бiрге халық биiнiң маманы болды. Өз кезiнде ол Алматының "Сазген" ансамблiнiң қойылымдарын жасаған. Сондай-ақ ол — домбырашы болған кiсi. Ол қазақтың ұлттық мәдени және рухани құндылықтарын сақтауға үлкен еңбек сiңiрдi", — деп атап өттi Т. Жаубасова.

Әубәкiр Ысмайылов — ҚР мәдениет қайраткері, әр жылдары Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Халық суретшісі атағын иеленген. Оның бай мұрасы бүгінгі таңда қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорынан лайықты орнын алып отыр. Хас шебердің кескіндемелік және графикалық туындылары өзінің орындалу шеберлігімен, тақырыбы мен сюжетінің шексіз алуандығымен, бояуының байлығымен және образдарының философиялық көтеріңкілігімен таңғалдырады.