Бұл туралы кеше АП агенттігі Германия прокуратурасына сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.
А.Лубиц ұшқыш болардан бұрын бірнеше жыл бойы өзіне қол салуға бейімді болуына байланысты психотерапия курсынан өткен.
Испаниядан ГФР-ге жол тартқан Germanwings әуе компаниясының А320 ұшағы өткен сейсенбі күні Францияның оңтүстігінде таулы жерде апатқа ұшыраған болатын. Оның бортында 144 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды. Олар түгел қайтыс болды.