«Кеше 12 сағатта ҚР ТЖМ «Көмір» Әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының алты бөлімінің 50 адамының күшімен желдеткіш штректің су жіберілген бөлігіне барлау жүргізілді. Осындай шаралардың арқасында 14 сағат 50 минутта қаза тапқан бір кеншінің мәйіті табылды. Осыдан 10 минуттан кейін 15 сағатта тағы бір мәйіт табылды», -деді төтенше жағдайлар министрі.
Оның айтуынша, комиссия алған алдын-ала мәліметтер мәйіттері әлі де табыла қоймаған кеншілер «жарылыс кезінде сол мезетте қаза тапқан» деген алдын-ала тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Министр сондай-ақ, кеше кешке шахтаға су жіберу тоқтатылғанын хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың бұйрығымен бүгін Қарағанды облысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында болған жарылыстың себебін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды»,- деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко басқарған комиссия құрамына энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, денсаулық сақтау және ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Қорғау» кеншілер кәсібодағының, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ мен ғылыми ұйымдардың өкілдері кірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті