Абу-Даби Плаза» объектісінің құрылысы жүріп жатқан жерде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында түсінбестік орнады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абу-Даби Плаза» объектісінің құрылысы жүріп жатқан жерде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында түсінбестік орнады

Абу-Даби Плаза» объектісінің құрылысы жүріп жатқан жерде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында түсінбестік орнады

 

  • 21 Шiлде 2019
  • 49
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби Плаза» объектісінің құрылысы жүріп жатқан жерде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында түсінбестік орнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың полиция департаменті 20 шілде күні сағат 15:06 кезінде Ақмешіт пен Сығанақ көшелерінің қиылысында салынып жатқан Sheraton Hotel Astana қонақүйінде шетелдік және қазақстандық азаматтар арасында ұрыс болғанын растады. 

«Бұған «Абу-Даби Плаза» құрылыс объектісінде жұмыс істейтін қыздардың бірінің шағымы себеп болған. Дәлірек өзіне шетелдік азаматтан келіп түскен SMS хабарламаға байланысты болған. Полиция қызметкерлері келіп тәртіп орнатты. Жұмысшылар үйді-үйіне тарасты. Ұрысқа қай азаматтардың қатысқаны белгілі болды. Тексеріс жұмыстары жүріп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, олар әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.