«Тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымды қырларын талқылады, оның ішінде, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге, киберқылмысқа, заңсыз жолмен табылған ақшаның жылыстауына қарсы әрекет жасау аясындағы әрекеттестік мәселелерін, сондай-ақ, Қазақстанның қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелеріндегі Еуропа кеңесінің конвенцияларына қосылу барысы туралы талқылады», делінген хабарламада.
Сұхбаттасу барысында А.Дауылбаев Қазақстан прокуратурасы қызметінің негізгі бағыттары, шарттық-құқықтық базасын кеңейту мен күшейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.
Елшіні Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі туралы ақпараттандыра отырып, Германияның озық ғылыми-білім беру орындарымен өзара тиімді байланыстар орнатуға мүдделілігін танытты.
Сұхбаттасушылар екі елдің терроризмге қарсы тұру, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпаратпен және жұмыс тәжірибесімен жедел алмасу шеңберіндегі құқықтық ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін атап өтті.
