«АDEM» саудагерлері Алматы әкіміне ашық хат жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«АDEM» саудагерлері Алматы әкіміне ашық хат жазды

«АDEM» саудагерлері Алматы әкіміне ашық хат жазды

«АDEM» сауда үйінің мүлкі өртенген кәсіпкерлері Алматының жаңа әкімі Бауыржан Байбекке ашық хат жазды.

  • 18 Тамыз 2015
  • 437
Фото - Caravan.kz


Олар әкімнен қаладағы барлық базарлар мен сауда орындарында өртке қарсы техникалық аудит жүргізуге пәрмен беруін сұрады. 

«Қала әкімі Бауыржан Байбекке өрттен жапа шеккен кәсіпкерлердің мәселесіне баса назар аударуын сұраймыз. Бұл мәселе Бас прокуратураның қатаң бақылауында жатыр. Жаңа әкімнен қаладағы барлық сауда орындары мен базарлардың ғимараттарында өртке қарсы аудит жариялауын өтінеміз. Біздің басымыздағы жайттан барлық әлем хабардар. Тауар жеткізушілеріміз сіздерде сауда орындарының өртенуі қашанға дейін жалғасады деп сұрайды. Бауыржан Байбектен Алматының өрттен аман қала атануына көмектесуін өтінеміз», — деді кәсіпкер Раушан Байжанова. 

Айта кету керек, көктемде болған өрттен соң «Адемнің» 2 мыңға жуық кәсіпкері үш топқа бөлініп кетті. Олардың бірі құқық қорғаушы Михаил Уткиннің артынан ерсе, екіншісі меншік иесі «Алматы 21 век» иесі Ербол Тымбаевтың сойылын соғып жүр. Үшінші топ нағыз айыптыны тауып, заң жүзінде өтемақы талап етіп жүр. 
Айта кетейік, Алматыдағы «АDEM-1» ірі сауда орнында 26 сәуірде түнгі он бір шамасында өрт шыққан болатын. Қызыл жалын 25 мың шаршы метрді шарпыды. Төтенше жағдай салдарынан 2 мың кәсіпкердің 3 мыңға жуық дүңгіршегі өртеніп кетті. Қазір аталған дерек бойынша қалалық ІІД қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тергеу жұмыстары басталғалы бері «АDEM» сауда үйіндегі өртке байланысты 640 адам полицияға шағымданған. Сақтандыру компаниясының өкілдері өрттен келген шығын 5,3 млрд теңге болуы ықтимал деп отыр.

Соңғы жаңалықтар