Жарияланды: 370

Ағымдағы жылғы ІЖӨ 5,4 пайызға болжанады - Е. Досаев

2012 жылғы ІЖӨ нақты өсімі 5,4 пайыз деңгейіне бағаланады.

Бүгін Парламент Мәжілісінде «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті. «2012 жылдың 9 айы ішінде еліміздегі химия өнеркәсібіндегі өнім өсімі 5,5 пайызға байқалды. Бұдан бөлек, өткен жылғы жоғарғы өнімділік аясымен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы теріс серпін қалыптасқан. Жыл қорытындысы бойынша бұл саладағы өнім 12,3 пайызға төмендеуі болжанады. Көлік қызметі - 7,2 пайызға, байланыс - 10,6 пайызға, сауда - 14,4 пайызға өсті», - деді министр Е. Досаев. Оның айтуынша, Бұл жыл басында болжанған 6 пайыздан біраз төмен. «Өнеркәсіп өнімінің көлемі нақтыланған бағалау бойынша 2,7 пайызға өседі. Бұл бұрынғы мәннен 0,9 пайызға төмен. Ал Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бағалауы бойынша метталлургиядағы өсім қарқыны 6,3 пайызға, химия өнеркәсібінде 10,4 пайызға, фармацевтика - 0,6 пайызға, машина жасау 0,3 пайызға төмендеу күтіледі. Нәтижесінде 2012 жылы өндіру өнеркәсібінде өсімнің 10,2 пайыздан 3,9 пайызға дейін төмендеуі болжанады», - дейді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін