Аи-92/93 бензині бағасы литріне 140-150 теңгеге жетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аи-92/93 бензині бағасы литріне 140-150 теңгеге жетуі мүмкін

Аи-92/93 бензині бағасы литріне 140-150 теңгеге жетуі мүмкін

Аи-92/93 бензині бағасы литріне 140-150 теңгеге жетуі мүмкін.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

«Бүгінде мұнайдың баррелі 50 доллар, бағам — 240 теңге, бензиннің литрі -108 теңге, яғни бұл литріне 40 цент деңгейінде. Әрине, осындай бензинді алып келу мүмкін емес. Алайда, оның қай деңгейге дейін көтерілетіндігін ешкім де білмейді. Мүмкін литріне 140 немесе150  теңге болуы мүмкін, сондай-ақ литріне 142-143 теңге деңгейінде қалыптасуы ықтимал», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, шамадан тыс бағаның көтерілмеуін монополияға қарсы заңнама қадағалайтын болады.

«Ахуал қалыпты деңгейде қалыптасады деп күтудеміз. Бірақта қазір алдын ала болжау қиындау болып тұр»,-деді В. Школьник.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль — 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120  теңгеден сатып алынып, 108 теңгеден сатылуда.  «Сәйкесінше, шығынмен ешкім де жұмыс істегісі келмейді. Егер осылай жалғасса, жақын арада, қыркүйектің аяғына қарай бензин тапшылығы туындайды», — деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар