"Әйел ғана жыныстық жолмен инфекция таратады": халық жалған ақпарат таратқан журналисті жазалауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйел ғана жыныстық жолмен инфекция таратады": халық жалған ақпарат таратқан журналисті жазалауды сұрады

"Әйел ғана жыныстық жолмен инфекция таратады": халық жалған ақпарат таратқан журналисті жазалауды сұрады

Осылай деп ақпарат таратып жатқан журналист бес баланың әкесі және отбасылық коуч екен.

  • 16 Мамыр
  • 77
Фото: видеодан алынған

Қазақстандық журналист, отбасылық коуч Жанәділ Райымбеков жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекцияны тек әйелдер тарататынын мәлімдеді. Бұл туралы ол подкастта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Егер әйел адам бірнеше еркекпен қосылатын болса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Көп әйелі бар еркек өз әйелдерімен қосылатын болса, ол инфекция тарата алмайды. Ешқашан таратпайды. Ол ғылыммен дәлелденген. Ата-бабаларымыздың бәрінде көп әйел болған. Инфекция қайдан пайда болады десеңіз, әйел бөтен еркекпен қосылғанда пайда болады. Бұл жерде ешқандай күмән жоқ», — деді журналист.

Ғаламтордағы ақпаратқа сүйенсек, ол Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. Одан бөлек, Жанәділ Райымбеков бес баланың әкесі, отбасылық коуч ретінде танымал.

Қайырымдылық қорының басшысы, қоғам белсендісі Гүлмира Абдрашева жалған ақпарат таратқан журналистке шара қолдануын сұрап, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға үндеу жолдады. Одан бөлек адвокат Анна Чернова да жалған ақпарат таратқаны үшін аталмыш коучті жазалауын сұрады.

«Осы сақалдылардан сұқбат алуды қою керек», «Сенің сақалыңда инфекция көбірек», «Жалған ақпаратты қоғамға таратпау керек, медициналық білімі жоқ адамның сөзін халыққа көрсетпеу керек, сеніп қалатын адамдар көп», «Жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл немесе жаза қолданатын уақыт келді», деп жазды желі қолданушылары.