Жарияланды: 720

Айдын Айымбетов 10 күнге ғарышқа ұшып кетті!

Айдын Айымбетов 10 күнге ғарышқа ұшып кетті!

Көк туымыз космоста желбірейді! Бүгін Айдын Айымбетов мінген «Союз ТМА-18М» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көкке көтерілді. Кеме сәтті ұшырылған, енді 2 тәуліктен соң ол халықаралық ғарыш станциясына жетуі тиіс. Экипаж құрамында Айдынмен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен бар. Бұл

Байқоңырдан ұшырылған 500-ші зымыран екен. Ал 41 жастағы Айдын Айымбетов ғарыш станциясында ғылыми зерттеулер жүргізіп, 10 күннен соң оралмақ.

Бұл – көп күткен тарихи сәт. Яғни, араға 14 жыл салып, тағы бір қазақ ғарышкері ашық аспан кеңістігін бағындыруға аттанбақ. 41 жастағы Айдын Айымбетовтің «Союз ТМА-18М» зымыран тасығышымен космосқа ұшатыны маусым айында ғана белгілі болған. Сөйтіп, небәрі 2 айдың ішінде Айдынның да, «Қазғарыштың» да дайындығын пысықтады. Енді, міне, ол ұшқалы тұр. 

 - Айдын, Айдын!!!

Ғарышкер іштей қобалжулы әрине, бірақ онысын білдірмеуге тырысты. Есесіне, анасы мен қызы оны сапарға қияр емес.       

- Ақ жол тілейміз баламызға!

- Папа... Папаааа...

Айдын Айымбетовпен бірге «Союз ТМА-18М» экипаж құрамында ресейлік ғарышкер, борт командирі – 42 жастағы Сергей Волков пен еуропалық астронавт, 39 жастағы Андреас Могенсен бар. Сергей әйгілі ғарышкер Александр Волковтың баласы, бұған дейін ғарышқа 3 мәрте ұшқан. Ал Могенсен корабльге 1-ші бортинженер есебінде алынған. Айымботов тәрізді ол да ғарышқа алғаш рет аттанады.

Ғарышкерлер соңғы тексеруден де сәтті өтті. Әйтпесе, оларды алмастыруға мына кісілер әзір-ақ тұр. Ұшуға 2 сағат қалғанда үшеуі Гагарин алаңына жеткізілген. Сөйтіп, Астана уақытымен 10:37-де зымыран көкке көтерілді.

Жоспар бойынша, корабль 2 күннен соң халықаралық ғарыш станциясына жетуі тиіс. Онда түрлі ғылыми зерттеулер жасалмақ. «Роскосмостың» ақпарына қарағанда, Сергей Волков орбитаға 188 күнге аттаныпты. Ал Айдын Айымбетов пен Андреас Могенсен 10 тәуліктен соң жерге қайтып оралады. 

 

Талғат Мұсабаев, ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы:

- 8-ші мамырда, жеңістің70 жылдығы қарсыңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қазақ азаматын ғарышқа жіберу жөнінде келісім жасады. Бізде Мұхтар Аймаханов деген тағы бір ұшқыш болғанын білесіздер. Бірақ ол өз шешімімен Ресей азаматтығын алып кетті. Себебі күткісі келмеді. Сондықтан Айдын Айымбетов ұшып отыр.  

Айдың Айымбетов ғарышқа ұшқан үшінші қазақ. Бұған дейін, 1991 жылы Тоқтар Әубәкіров орбитада 8 күн болып қайтты. Сосын 94-ші жылы Талғат Мұсабаев шықты. Оның кейін тағы 2 мәрте ұшқаны бар. Барлығын қоса есептегенде, Мұсабаев 342 күнін ғарышта өткізген екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін