"Станция Гринвич уақытымен тіршілік етеді. Астана UTC+6. Таңғы 6-да тұрып, кешкі 21:30-да жатамыз. Жеті сағат жұмыс істейміз, екі сағат жаттығуға кетеді, бір сағат түскі асқа, сегіз сағат ұйқыға беріледі. Қалған уақытта байланысқа шығуға, оқуға, таңғы жəне кешкі ас ішуге болады", — деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.
Өзінің айтуынша, өткен жексенбі ол үшін ауыр əрі ұзақ күн болыпты.
Қазақстандық ғарышкер А.Айымбетов 2-қыркүйекте "Союза ТМА-18М" кемесімен ХҒС аттанды. Экипаж Жерге 12-қыркүйекте оралу тиіс.