Жарияланды: 500

Айдын Айымбетовтің ғарыш кемесі апатқа ұшырай жаздағаны шын ба?

Айдын Айымбетовтің ғарыш кемесі апатқа ұшырай жаздағаны шын ба?

Айдын Айымбетов апатқа ұшырай жаздады! Кеше ғана Байқоңырдан ұшырылған «Союз» ғарыш кемесі көкте қаңғалақтап жүрген ескі зымыранның қаңқасына соқтығысуға сәл қалған.

Әйтеуір, ресейлік және америкалық басқару орталықтарының мамандары бірлесіп, апаттың алдын алыпты. Халықаралық экипаж мүшелері мінген зымыран сынық бөлшекті айналып өткен. Ал ғарышкерлерді әбігерге түсірген бұл қаңқа 1989 жылы ұшырылған жапон ғарыш кемесінің қалдығы екен. Айта кетейік, кеше ғана ұшырылған зымыран экипажында Айымбетовпен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін