Орбитадағы станциямен мен ғарыш кемесінің түйісуі автоматты түрде жүргізілген. Оған экипаж мүшелері араласқан жоқ. Сөйтіп, станция мен ғарыш кемесі арасындағы өтпелі есіктер ашылғаннан кейін экипаж мүшелері өз жұмыстарын бастап кетті. Оның құрамында Айымбетовпен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық Андреас Могенсен бар. Онда олар ғылыми зерттеулер жүргізіп орбитадағы радиацияның жай-күйін анықтамақ. Кейін жерлесімізбен бірге астронавт Могенсен қыркүйектің 12-сі күні қайта жерге оралады.