Жарияланды: 530

Әйелін өртеп жіберген Қ.Садуов туралы ақпаратқа Астана ІІД қомақты сыйақы ұсынды

Әйелін өртеп жіберген Қ.Садуов туралы ақпаратқа Астана ІІД қомақты сыйақы ұсынды

Астана қаласының полициясы елордалық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген

43 жастағы Қанат Садуовты іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Астана қалалық ІІД аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 30.10.1972 жылғы Садуов Қанат Ғайсаұлына іздеу салуда. Бұл ер адамның орналасқан орны туралы ақпарат бере алатын азаматтарды: (7172) 71-63-29, 71-60-29, 71-60-22, 71-60-10, на сот. телефоны: 8-747-227-79-40,  8-778-917-05-78 телефон нөмірлеріне, 8-747-227-79-40,  8-778-917-05-78 ұялы телефондарына хабарласуды сұраймыз. Есімдерінің аталмауы және қомақты сыйақының берілуіне кепіл беріледі», - делінген бүгін таратылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қылмысты 26 маусым күні № 25 орта мектеп жанында 43 жастағы Қанат Садуов жасаған. Ер адам бұл мектепте жұмыс істеген бұрынғы зайыбы Светлана Садуованың үстіне бензин құйып, өртеп жіберді. Беті, мойыны, кеудесі мен арқасын термиялық күйік шалған әйел 2-ші және 3-ші дәрежелі күйік шогымен ауруханаға жеткізілді. Сенбі күні кешке мұғалім алған жарақаттарынан көз жұмды.

С.Садуованың артында төрт баласы қалды.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін