"Айка" фильмі Норвегиядағы кинофестивальде жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айка" фильмі Норвегиядағы кинофестивальде жеңімпаз атанды

"Айка" фильмі Норвегиядағы кинофестивальде жеңімпаз атанды

Самал Еслямова басты рөлді сомдаған Сергей Дворцевойдың кинокартинасы тағы бір жүлде иеленді.

  • 21 Қараша 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Сергей Дворцевойдың "Айка" картинасы Ослодағы "FILM fra SØR" 28-ші шетелдік кино фестивалінде жеңімпаз атанды.

Қазақстан атынан форумға Канн кинофестивалінде жоғары жетістікке жеткен "Айка" картинасы, сондай-ақ Венеция кинофестивалінің жеңімпазы, режиссер Әмір Байғазиннің "Уроки гармонии", "Раненный ангел" және "Река" фильмдері қатысқан.

Кинофестивальде Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінен барлығы 80  картина қарастырылған.

Әділқазылар төрт номинация бойынша марапат ұсынды – "Деректі фильм", "Көрермен сыйлығы", "Жаңа дауыс" және "Күміс айна".

"Жаңа дауыс" номинациясында "Айка" фильмі жеңіске жетті.

"Қазақстандық актриса Самал Еслямова бір өзі Сергей Дворцевойдың фильмін алып шықты. Камера оның әрбір қимылын қалт жібермей түсірген, біз, көрермендер де басты кейіпкерге жан-тәнімізбен беріліп кеттік. Бейне композициясы мен дыбыстың шынайылығы өте табиғи шыққан, экранның ар жағында отырып, фильмнің басты кейіпкерінің бетіне соққан желдің иісін сезіп, онымен бірге жүрегіміз айнып кеткендей болады. "Айка" симулятор сияқты көрермен мен өмірден баз кешкен фильмнің басты кейіпкерінің арасын жақындатып жібереді", — деп норвег сыншылары фильмді сипаттады.


Соңғы жаңалықтар