Жарияланды: 30

Айсәуле Бақытбек қызына қандай есім бергенін жариялады

Айсәуле Бақытбек қызына қандай есім бергенін жариялады

Айсәуле Бақытбек отбасылық қуанышымен бөлісті. Ол тұңғышына қандай есім бергенін жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол күйеуімен және қызымен түскен суретін жария етіп: 

"Рүстем Сафия Әлішерқызы", - деп жазба қалдырды. Нәрестенің жүзін жауып қойған блогер: "Ешқашан бұлай істеймін деп ойламаппын. Бала босанғанда түсінесіздер", - деп жазды. 

Айсәуленің айтуынша, күйеуі Әлішер ел алдына шыққанды аса қаламайтын жан. Бұл ұстаным олардың ортақ қызына да қатысты.

Айта кетейік, Сафия есімі шоу-бизнес жұлдыздары арасында кеңінен танымал. Сәкен Майғазиев, Бүркіт пен Аиша, Маржан Арапбаева өз қыздарына дәл осы есімді берген. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін