Жарияланды: 360

Айыртау ауылындағы құдықтан үш аптадан бері ыстық су ағып жатыр

Шығыс Қазақстанда тосын құбылыс. Өскеменнен 40 шақырым жердегі Айыртау ауылындағы бір үйдің құдығынан үш аптадан бері ыстық су ағып жатыр. Суық судың өзіне зар болатын тұрғындар бұған аң-таң.

- Көршілерімнің калонкасынан су алуға келдім, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Кір жууға болатын шығар.

Үй иесі күнделікті пайдаланып отырған құдығынан ыстық су аға бастағанда, көп ұзамай толастар деп пайымдаған. Алайда, үш апта бойы жер астынан келіп жатқан мына судың температурасы +25 градустан төмендер емес. Басында үй иесі бар гәп су соратын мотордан деп те ойлапты. Сөйтіп жаңасын қойып көрген. Бірақ, ыстық су сол күйі буы бұрқырап ағып тұр. Енді бұл таңғажайыпты экологтар мен табиғат зерттеушілерінен құралған арнайы комиссия зерттемек. Әзірге, бұл минералды қоспаларға бай радон көзі болуы мүмкін деген болжам бар.

Дмитрий Кениг, Айыртау ауылының тұрғыны:

- Көршілеріміз, ауылдың кісілері бәрі аң-таң. Келеді, қосып берем, қарайды да кетеді. Бәрі аң-таң болып жатыр. Мамандарды шақыртып тексеруден өткізем, сосын ыстық су ағып тұра берсе үйге бу құбырын тартып алам.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін