Ахметжан Есімовтің ЭКСПО-дан кейінгі жұмыс мәселесі шешілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметжан Есімовтің ЭКСПО-дан кейінгі жұмыс мәселесі шешілді

Ахметжан Есімовтің ЭКСПО-дан кейінгі жұмыс мәселесі шешілді

Бүгін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысын ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің жұмыс мәселесін шешіп берді. Еске салсақ, қыркүйектің 10-на Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталады.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 259
Фото - Caravan.kz

"ЭКСПО көрмесі Қазақстан үшін ең маңызды шаралардың біріне айналды. Біз бүкіл әлемге Қазақстанның мүмкіндіктерін көрсете алдық. Өз астанамызды көрсеттік. Біз өте үлкен имидждік жұмыс атқардық. Енді осы көрменің жабылу салтанатын өткіземіз. Мұнан кейін бірден Астана Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастауы тиіс. Ол үшін барлық жағдай жасалды, тіпті Конституцияға өзгеріс те енгіздік", — деп сөзін бастаған Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовтің жұмыссыз қалмайтынын айтып өтті.

"Ахметжан Смағұлұлы осы көрмеге басшылық етуін жалғастыра беретін болады. Көрме жұмыстарын алдымен реттеп алуымыз керек", — деді Елбасы.


Соңғы жаңалықтар