Әкім Әбдібеков қарамағындағыларға ышқырларын тартып жүруге кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкім Әбдібеков қарамағындағыларға ышқырларын тартып жүруге кеңес берді

Әкім Әбдібеков қарамағындағыларға ышқырларын тартып жүруге кеңес берді

Қарағанды облысының әкімі қарамағындағыларды бюджетке телмірмей, сырттан инвеститция тарту туралы кеңес берді. Болмаса тәбеттерін тыйып, ышқырларын тартып жүруі керек. Нұрмұхамбет Әбдібеков бюджеттің қыруар қаражаты қажетсіз дүниелерге жұмсалып келгенін енді біліпті. Қазіргі қиын-қыстау кезеңде әрнәрсені сылтау қып ел қазынасына көз сүзуді доғару керек дейді облыс басшысы.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 165
Фото - Caravan.kz

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

-Кәдімгі бізді аласыңдар да онсыз да тартылып тұрған белдікті тағы тартып тұрып, тағы бір тесік жасайсыңдар. Солай белбеуді қатты буа түсесіңдер. Сонда, мүмкін, бюджет қаржысына деген тәбеттеріңіз қашар. Әлеуметтік жобаларға қаражат табамыз, бірақ дәл қазір маңызы жоқ дүниелерді тықпаламаңыздар.