Аккредитациясынан айырылған допингке қарсы зертханаға мемлекет не үшін қыруар ақша бөліп келеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аккредитациясынан айырылған допингке қарсы зертханаға мемлекет не үшін қыруар ақша бөліп келеді?

Аккредитациясынан айырылған допингке қарсы зертханаға мемлекет не үшін қыруар ақша бөліп келеді?

Халықтың қажетіне ақша сұрасақ “бюджетте қаржы жоқ” дейді. Бюджетті ашып қалсаң миллиондарды табу қиындық тудырмайды.

  • 31 Қазан
  • 10
Фото: smotryashka.ru

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы ел бюджетінің қаржысы далаға кетіп жатқанына алаңдаушылық білдіріп, спорт және туризм министрлігіне сауал жолдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бір мысал, Республикалық бюджет жобасының 036 бағдарламасы бойынша «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК-ға 2025 жылы 482,8миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. 

Ескеретін жайт, аталған зертхана 2017 жылдың маусым айында WADA-ң аккредиттелген зертхана мәртебесінен айрылған (WADA-ның 2017 жылғы 30 маусымдағы шешімі). 

2017 жылдың соңында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті» қоғамдық ұйым және «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»корпоративтік қорының қаражаты есебінен аккредиттеуді қалпына келтіру мақсатында жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Бірақ WADA-ң аккредитациясын қайтара алмады. 

Ол аздай, осы зертхананы ұстауға соңғы 5 жыл ішінде 1,8 млрд  теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінген (оның ішінде 2020 жылы – 225,8 млн теңге, 2021 жылы – 322,5 млн теңге, 2022 жылы – 335,2 млн теңге, 2023 жылы – 410,7 млн теңге, 2024 жылы – 463,3 млн теңге). 
Сонда да WADA-ң аккредитациясын қайтара алмады. 

Соған қарамастан министрлік осы зертханаға 2025 жылы 482,8 млн теңге, 2026 жылы 483,9 млн теңге, 2027 жылы 483,9 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. 

«7 жылда WADA-ң аккредитациясын қалыпқа келтіру мүмкін болмаса аталған зертхананы бюджеттен қаржыландыруды тоқтату қажет шығар. Бұған министрліктің көзқарасы қандай?WADA-ң аккредиттелген зертхана мәртебесінен айрылғанымен бюджеттің ақшасын алып отырған мекеме қашан қайтадан аккредиттеу мүмкін? Нақты қашан?«, — деп сұрақ қойды Нартай Аралбайұлы.

Бұл қаражаттың қайда кетіп жатқаны туралы спорт министрлігінің өкілі былай деп жауап берді.

«Зертхана 22 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары аккредитациясын тартып алды, дегенмен WADA-мен бекітілген жол картасымен әлі де қызмет атқарып келеміз. Нақты қадамдарына тоқталсам: Алматының қақ ортасынан жаңа ғимаратқа ауыстық, себебі олар 15 жылдай ескі ғимаратта отырған еді. WADA-ның өзінідік кедерлілері болған. Екіншіден, ұлттық олимпиадамен бірлесіп осы ғимаратқа жаңа құрал-жабдықтар сатып алдық. Үшіншіден, ДАКС деген орталықтан оң шешім алып, ол лицензия арқылы қан және несіп алуға рұқсат берді, спорттан тыс. Осы жол картасының 90-пайызы атқарылды. Енді WADA осы міндеттерді толық атқарсақ, келесі жылы аккредитациясын қайтарып береді. Сондытан осы қаражат өте керек. Ол жерде тек 22 адам жұмыс істейді, барлығы ғылым адамдары. Орташа жалақылары — 300 мың көлемінде. Сондықтан қазіргі уақытта олар жай отырмай, өзінің ғылыми жұмыстарын атқарып жатыр. Олар спорттан тыс зерттеулер жасаумен де айналысады. Ішкі істер министрілігмен бірлесіп, қоғамға қажетті зерттеулермен айналысып келеді, мысалы есірткі мен зиянды заттар. Осы тұрғыда зертхана перспективаға жұмыс жасайды, яғни 2025 жылы аккредитациямызды қайтарамыз, оны толық атқарамыз», — деп жауап берді министрлік өкілі.