Ақтөбелік кәсіпкер көзі тірісінде өзіне бейт сатып алып, ескерткіш орнатып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік кәсіпкер көзі тірісінде өзіне бейт сатып алып, ескерткіш орнатып қойған

Ақтөбелік кәсіпкер көзі тірісінде өзіне бейт сатып алып, ескерткіш орнатып қойған

Ол зираттың орнын өзі таңдап алған.

  • 15 Мамыр
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбелік кәсіпкер Қуандық Әлішев екі жыл бұрын қала іргесіндегі қорымнан орын алып, ескерткіш мүсінін тұрғызып қойған. Ол мұны ауырған соң ойластырғанын айтты.

Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабы маңында үлкен қорым бар. Мұнда қазақтармен қатар өзге этнос өкілдері де жерленген. Кіреберістің сол жақ бөлігінде орналасқан ескерткіш мүсін 2022 жылы салынған. Әкімшілік зираттың кәсіпкер Қуандық Әлішевке тиесілі екенін біледі.

«2022 жылдан бастап салды. Үлкен кісі екен. Алдын ала көргісі келген шығар қандай болатынын. Бар болғаны 2-3 айда салып болды. Тек өзіне ғана арналған. Гранит тасты қолданып тұр. Мұнда бұған дейін дәл осылай дайындап қойған адам болды. Бірақ ол кісі қайтыс болып, жерленді. Негізі мұндайды үлкен кісілер жасайды. Оларға тыйым сала да алмайсың. Орын сатылмайды», — деді Кішпішті тұрғын алабындағы орыс зиратының әкімшісі Сәбит Дүйсенов.

«Мен 86 жастамын. Осыдан екі жыл бұрын қаңтарда құлап, белім сынып қалып, жаттым. Сол кезде өз балаларымдай болған бастықтар келіп, денсаулығымды сұрады. «Ағаларыңның өліп қалатын түрі бар, жүре алмайды. Алматыда балаларым, інілерім, жақын достарым көп. Жер берсеңдер, солар барлығын жасап береді» деп айттым. Ал зираттың орнын қырдың үстінен өзім таңдап алдым. Жер берген кісілерді кінәлайтын ештеңе жоқ. Сұраған мен кінәлі. Мен салдым, — деді кәсіпкер Қуандық Әлішев.

Айта кетейік, Қуандық Әлішев – Ақтөбе облысы Темір ауданының тумасы. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында білім алып, ғылыми еңбектер жазған. Қаракөл қойы қозысының ерекше түсті елтірісін алу жолын ұсынған. Түрлі жылдары спирт зауыты, шошқа фермасы, құс цехы болды. Қазіргі кезде көпқабатты үй салып жатыр.