Аль Пачино алғаш рет үйлену туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аль Пачино алғаш рет үйлену туралы шешім қабылдады

Аль Пачино алғаш рет үйлену туралы шешім қабылдады

Шетелдік БАҚ 74 жастағы Голливуд актері Аль Пачино 35 жастағы танысына үйленгелі жатқанын хабарлады. 

  • 12 Наурыз 2015
  • 337
Фото - Caravan.kz


Танымал актер өмірінде бірінші рет отбасын құрмақ екен. Мұндай шешімді ол Аргентинаның сұлу актрисасын көргеннен кейін ғана қабылдаған, деп жазады Дни.ру.

Актер таңдаған сұлудың есімі — Люсила Сола. Телесериалдар арқылы танымал болған. Америкалық «Total Film magazine» журналына берген сұхбатында актер Люсилаға ессіз ғашық болғанын жасырмапты.

БАҚ-тың жазуынша, атақты актердің некелеспеген әйелінен туған үш баласы бар. Үлкен қызы Паячино 25 жаста болса, егіз ұл-қызы 14-те.