Жарияланды: 440

Алаяқтарды сотқа берген атыраулықтар отырысқа не себепті келмей жүр?

Алаяқтарды сотқа берген атыраулықтар отырысқа не себепті келмей жүр?

Өлімнен ұят күшті. Тірнектеп жинаған миллиондарын пирамидаға салған атыраулықтар сотқа келмей жүр. «Плэйт койн» деп аталатын ұйымға салған қаржылары құрдымға кеткен соң, құқық қорғау орындарына барлығы бірдей шағым түсірген болатын. Қаржы пирамидасының басшысы Жеңіс Қанахметов те көп ұзамай қолға түсіп, іс сотқа жеткен еді. Бірақ алаяққа алдандық деген жәбірленушілердің көбі тума-туыс, дос-жараннан ұялып, сотқа келуге ниет

танытпай отыр.

Былтыр мамыр айында құрылған «Плэйт койннан» 140-қа жуық адам зардап шегіпті. Ал сотқа келгені 5-ақ адам. Жалпы шығын көлемі 85 миллион теңгеге жуық. Жәбірленушілердің дені – атыраулықтар. Араларында Алматы, Шымкент, Қызылорда және өзге де облыс тұрғындары аз емес. Жеңіс Қанахметов оларға 30 пайыз өсіп уәде еткен екен. Ал алтын жалатылған «Мерседес» мініп, маңғаз жүрген пирамида басшысының адвокаттары егер КТК арнасы бұл мәселені көтеріп, ел-жұртқа жаймағанда, жұмысты алаңсыз жалғастырар едік деп реніштерін білдірді.

- Процеске КТК арнасының түсіруіне қарсымын. Себебі, осы процестің, осы айқайдың басталуы КТК-дан басталды. Осылар түсірді, көрсетті, яғни алаяқ деп көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін