«АльБаракат Компани» басшысы Тойымбетовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«АльБаракат Компани» басшысы Тойымбетовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«АльБаракат Компани» басшысы Тойымбетовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласы бойынша МКД-нің экономикалық тергеу қызметі "АльБаракат Компани"

  • 9 Қазан 2015
  • 631
Фото - Caravan.kz

ЖШС, "КӨКШЕ-ҚОПА" ЖШС,  "СЕЛИГЕР-К" ЖШС, "Астана Ақжар Құрылыс" ТҚК,"Шаңырақ Строй KZ" ШЖС , "АсСем" ЖШС, "Munai Prom Oil" ЖШС,  "Балқарағай town" ЖШС, "CONTINENT PETROLEUM COMPANY" ЖШС және "Құрылтай-2014" ТҚК-ның басшысы болып табылатын Тойымбетов Б.Қ-ға қатысты Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағындағы «Құрылтай», «Жайлау», «Apple Town» тұрғын кешендері мен Астана қаласының аумағындағы «Прага», «Шарджа» және «Ақ Жар» тұрғын кешендерін салу кезінде алаяқтық, өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және жұмсап қою фактісімен қылмыстық іс тергелуде.

Сонымен бірге, Тойымбетов Б.Қ-ның Астана қаласындағы «Тұран» ТК-ін салу кезінде «Kaz avto development» ЖШС-не қатысы бар екені анықталды.


2015 жылдың 8 қазанында Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жоғарыда аталған кәсіпорындардың тұрғын нысандарын салуда инвесторларды тарту жағдайында тезірек 8 747 186 08 17 телефон нөміріне немесе Департаменттің кезекшілік бөліміне 31-61-45 телефон нөміріне хабарласуға болатынын ескертіп отыр.