«Жер сілкінінісі таяу жылдары — 3 пен 10 жыл аралығында болады. Жер сілкінісіне ұзақ уақыт дайындалатындықтан апат үшін бұл қысқа мерзім. Екіншіден, жер сілкінісі Алматы қаласының маңындағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы Чон-Кемин шатқалында немесе Бішкек төңірегінде болуы мүмкін. Бізді сондай-ақ, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы Алай шатқалы да алаңдатады. Алайда, ол жерде халық көп тұрмайды. Жер сілкінісінің күші өте жоғары 8-9 балл мөлшерінде болады деп күтілуде», — деді Қ. Әбдірахматов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті