Алдағы 5-7 жылда мемлекеттер атом электр станцияларын салу кезегіне тұратын болады - Жәкішев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы 5-7 жылда мемлекеттер атом электр станцияларын салу кезегіне тұратын болады - Жәкішев

Алдағы 5-7 жылда мемлекеттер атом электр станцияларын салу кезегіне тұратын болады - Жәкішев

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алдағы 5-7 жылда өз аумағында атом электр станцияларын салғысы келген мемлекеттер кезегін күтпек. Бұл туралы сәрсенбі күні арнайы баспасөз мәслихаты барысында "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК" АҚ президенті Мұхтар Жәкішев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Маусым 2008
  • 625
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, адамзат 1980-жылдары атом станцияларын жаппай салуға дайын болған. «Ғылым, жастар, ғалымдар, ақша болды. Барлық өндіріс пен кәсіпорындар құрылған еді. Кейін Чернобыльға байланысты атом энергетикасында құлдырау болды», — деп түсіндірді ол.

«Әлемде соңғы 25-28 жылда атом энергетикасы саласында іс жүзінде ештеңе де салынбады. Жапония, Корея елдері бірдеме салғандай болды. Біз («Қазақатомөнеркәсібі» — агенттік ескертпесі) тағы да жаппай салғымыз келеді», — деді ол.

«Қазақатомөнеркәсібі» президентінің айтуынша, 2014 жылға қарай дүниежүзілік атом энергетикасының әрі қарай дамуына қажетті технологиялық және табиғи ресурстардың жетіспеушілігі сезіле бастайтын болады.

«Мынадай жағдай да болуы мүмкін. Бір мемлекет атом станциясын салғысы келеді де ұзын-сонар кезектің соңына тұрады. Ол станцияны бүгін салғысы келгенімен станция тек 10 жылдан кейін ғана салына алады. Мұндай жағдай алдағы 5-7 жыл көлемінде болуы мүмкін», — деп атап көрсетті М. Жәкішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті