Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы Алматы облыстық және қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен «Қазақ селден қорғау» қызметіне, халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.