Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
"Жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Кей ауданда бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігіне Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30 — 41°С дейін жоғарылайды", — делінген таратылған ақпаратта.