Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттіг

  • 24 Қаңтар 2018
  • 144
Фото - Caravan.kz
Алдағы үш күнде республиканың көптеген облысында қатты аяз сақталады. Өткен тәуліктерде орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-8°С төмен, ал солтүстік пен шығыста 10-18°С, қиыр шығыста нормадан 20-23°C төмен болды.

Қаңтардың 25-27 күндері батыс пен оңтүстіктің кей жерлерінде боран болып, оның екпіні 23-28 м/с, 15-20 м/с жел соғып, салдарынан 200-500 метрге дейін көруді нашарлатады.

Қазақстанның үш облысында, болжанатын қатты желге орай, дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда облысында 24 қаңтар күні күндіз, 25-27 қаңтарда тәулік бойы шығыс, солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 18-23, кей кездері екпіні 30 м/с болуы мүмкін.


Ақтөбе облысында 24 қаңтар күні күндіз, 25 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей кездерде екпіні 30 м/с болады.