Жарияланды: 580

Алдағы үш тәулікте жауын-шашынға байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде сел жүріп, тас-топырақты лай-көшкін түсуі мүмкін -Казгидромет

Тамыздың 2-4 аралығындағы алдағы үш тәулікте жауын-шашынға байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде сел жүріп, тас-топырақты лай-көшкін түсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін, 1-тамызда "Казгидромет" РМК-нің хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі ескерту жариялады.

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы Алматы облыс және қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен "Қазақ селден қорғау" қызметіне, халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды. Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть