Жарияланды: 3900

Алексей Панин қазақтарға тіл тигізді - БАҚ

Алексей Панин қазақтарға тіл тигізді - БАҚ

«Атың шықпаса, жер өрте» деген атам қазағымыздың мәтеліне толыққанды сәйкес келетін орыс актері Алексей Панин «Хайпоновости» бағдарламасының кезекті шығарылымында эстондықтар мен қазақтарға тіл тигізді.

"Обозреватель" басылымының айтуы бойынша, оның жаңа видеотүсірілімін 100 мыңнан адам артық көрген , - деп хабарлайды Caravan.kz аталып өткен порталға сілтеме жасап.

Атышулы актер жақында болған Apple компаниясының IPhone X тұсау кесерінде көрсетілген жаңа Face ID атты функцияны қазақтармен байланыстырған. Атап өтейік, жаңа функция көмегімен сужаңа IPhone адамның келбетін танитын болады. Панинның айтуынша, ендігәрі әрбір қазақ кез келген IPhone-ды бұғатсыздандыра алады ,себебі «олардың түрлері бір-біріне ұқсас».

Сонымен қатар, ол ағаштың қуысынан шыға алмай қалған эстондық туралы жаңалықты естіген кезде, «эстондықтардың өте баяу» екені туралы әзілді еске түсіріп, екі ел жұртшылығының қаһарына қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін