«Әлем Барысына» 40 елдің мықты деген балуандары келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әлем Барысына» 40 елдің мықты деген балуандары келе жатыр

«Әлем Барысына» 40 елдің мықты деген балуандары келе жатыр

Астанада «ЭКСПО» көрмесі аясында өтетін «Әлем Барысы» әлем чемпионатына 40 елдің палуаны қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 289
Фото - Caravan.kz

«Әлем Барысы» чемпионатын «ЭКСПО» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырғалы отырмыз. Бұл жоба тек елімізде ғана емес, әлемнің басқа да мемлекеттерінде жоғары рейтингке ие болып келеді. Бұл жолы  чемпионатқа әлемнің 40 елінен алып палуандар келе жатыр», — деді Арман Шораев.

Айта кетейік, «Әлем Барысы» осымен екінші рет өткелі отыр. 2014 жылы өткен  алғашқы турнирге 35 елдің апайтөс балуаны қатысты. Олардың арасында дзюдодан әлем және Олимпиада чемпионы чеx Лукаш Крпалек, самбодан әлем чемпионы армениялық Гарибян Арутюн, дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері неміс Раймунд Гирдц, кураштан әлем чемпионы изральдық Грегори Рудельсон, алыштан Азия чемпионы парсы Мухаммад Теймоури Сарах, Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері кубалық Оскар Рене Видал Брайсон және басқа атақты балуандар бар. Тартысты бәсеке нәтижесінде алтын белбеу мен 100 мың АҚШ долларды кубалық Брайсон иеленді. Екінші орын Айбек Нұғымаровқа, үшінші орын ресейлік Максим Ширяевқа бұйырды.

Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға келе бастады. Бүгінде Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай және Гана балуандары елордаға жетті. Жарыс шарты бойынша барлық қатысушыларға қазақ күресінен арналған спорттық күртеше мен аяқ киім берілуде. Балуандарға фотосессия ұйымдастырылып, шетелдік төрешілерге қазақ күресінің ережелері бойынша семинар өткізіледі. 6 қыркүйек күні сағат 18:00-де «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында "Alem Barysy" қатысушыларының салтанатты салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтеді.


Абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport», түріктің «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ» телеарналары көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар